22.09.2022 жылы «Өркен қала» ЖШС комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментімен бірлескен семинар өтті. Серіктестік қызметкерлерінің алдында Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті превенция басқармасының ІІБ офицері Айдос Мамыт сөз сөйледі.Өз сөзінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, өз қызметінде тиімді алдын алу, ауқымды ағарту, қоғаммен сындарлы серіктестік және қылмыстық-құқықтық шаралар элементтерін біріктіретінін атап өтті. Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор қызметіндегі алдын алу шараларына назар аударды.

Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін негізгі проблемаларға тоқталды. ҚР Президентінің 2022 жылғы № 802 Жарлығымен бекітілген ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің жүйелі және кешенді тәсілі туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдеріне: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, қызметте сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту назар аударды.        Семинар диалог, сұрақ-жауап түрінде жалғасты. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша.

Сөз соңында Айдос Мамыт ұжымға өз қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының осы тұжырымдамасын іске асыру қағидаттарын ұстануға кеңес беріп, серіктестіктің алға қойған міндеттері мен миссияларын іске асыруда табыс тіледі. Семинар соңында “Өркен қала” ЖШС директорының даму жөніндегі орынбасары Д.М. Сопиев семинарға қатысушыларды “Өркен қала” ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті және Айдос Мамытқа семинарға қатысқаны үшін алғысын білдірді.