Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі

 Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі
 1. Жалпы ережелер
       1. Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
       кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтайтын салымшы - екінші деңгейдегі банкпен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт жасасқан, пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері атынан әрекет ететін көппәтерлі тұрғын үй мүлкі иелерінің бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі; ("Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" ҚРЗ 2-бабының 8-1-тармағы)
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт - мүліктің меншік иелерінің бірлестігі/жай серіктестік және екінші деңгейдегі банк арасында жасалатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт;
       тұрғын үй қарызы - "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 8-тармағында көзделген мақсаттарда, банктік қарыз шартының, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы немесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарттардың талаптарына сәйкес, салымшыға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға берілетін нысаналы қарыз;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу - көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектері мен инженерлік жабдықтарын жаңасына немесе неғұрлым берік және үнемдісіне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

      жай серіктестік - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін заңды емес тұлға;
      көппәтерлі тұрғын үй мүлкі иелерінің бірлестігі - (бұдан әрі - мүліктің меншік иелерінің бірлестігі) - коммерциялық емес ұйым болып табылатын, пәтерлердің, бір көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарналары;

      уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      2. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен жағдайда қабылданады.
      3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) немесе оның жекелеген бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдау кезінде көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста мынадай шешімдер қабылдауы тиіс:
      а) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шартта көзделген шарттар орындалған жағдайда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге тұрғын үй қарызын алу, оның ішінде күрделі жөндеуге шығыстар сметасының 50 (елу) пайызын жинақтау және 3 жылдық жинақтау мерзімі өткен жағдайда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге тұрғын үй қарызын алу туралы;
      б) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне немесе оның жекелеген бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы;
      в) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдау туралы;
      г) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) келісу туралы;
      д) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мерзімі туралы (тұрғын үй қарызын алған күннен бастап 12 айдан артық емес).
      4. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жиналыс шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен лифтілерді жөндеуді (ауыстыруды) жүзеге асыруға құқылы.
      5. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған жағдайда елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеу бойынша ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.
 2. Екінші деңгейдегі банктер тұрғын үй қарызын берген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, жай серіктестіктің сенімді тұлғасының кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді ұйымдастыру тәртібі
      6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы не жай серіктестіктің сенімді тұлғасы екінші деңгейдегі банктердің бірінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін жинақ шотын ашады.
       7. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі өзіне тиесілі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептегенде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштіктің кемінде 0,005 еселенген мөлшеріндегі ақшаны ай сайын жинақ шотына аударуға міндетті. 
       8. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста тұрғын үй заңнамасында көзделген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жарнаның мөлшерінен асатын мөлшерде күрделі жөндеуге жарна белгілеу туралы шешім қабылдайды. 
       Бұл ретте, жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдауға құқылы. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады. 
       9. Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі не жай серіктестік жинақ шоты ашылған екінші деңгейдегі банкке нөмірі мен пайдалы алаңы, сондай-ақ әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша ай сайынғы жарна мөлшері көрсетілген әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай бойынша ақпарат береді. 
      10. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншік құқығы ауысқан кезде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың бұрынғы меншік иесі жинақтаған ақшалай қаражаты пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың жаңа меншік иесіне есептеледі.

Күрделі жөндеу мамыр 2022 жыл

1.ул.Рыскулбекова, 11/2. Кап.ремонт кровли. 34 829 380тг.

Договор подряда № 17 от 05.05.2022 . 4 квартал 2022 года

2.ул.А.Токпанова, 41. Кап.ремонт фасада и входных групп. 15 958 212тг.

Договор подряда № 18 от 05.05.2022. 4 квартал 2022 года

3.ул.Кравцова, 2. Инженерные сети. 14 028 217тг.

Договор подряда № 38 от 15.05.2022. 4 квартал 2022 года

4.ул. Пушкина, 9. Кап.ремонт кровли. 35 011 023тг.

Договор подряда № 4 квартал 2022 года

5.ул.Пушкина, 13. Кап.ремонт инженерных сетей. 20 136 052тг.

Договор подряда № 31 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

6.пр.Абая, 40 «А». Кап.ремонт кровли, инженерных сетей. 12 309 669тг.

Договор подряда №26 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

7.ул.Куляш Байсеитовой, 103. Кап.ремонт кровли. 18 042 958тг.

Договор подряда № 19 от 05.05.2022. 4 квартал 2022 года

8.ул.Карталинская, 8. Кап.ремонт кровли. 15 643 280тг.

Договор подряда № 20 от 05.05.2022.4 квартал 2022 года

9.ул.Егемен Қазақстан, 13. Кап.ремонт кровли. 12 011 840тг.

Договор подряда № 23 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

10.ул.Куляш Байсеитовой, 105. Кап.ремонт кровли, фасада. 53 325 777тг.

Договор подряда№ 22 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

11.ул. А.Петрова, 2. Кап.ремонт кровли, инженерные сети. 27 022 090тг.

Договор подряда № 34 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

12.пр.Тәуелсіздік, 12/1. Инженерные сети. 17 543 639тг.

Договор подряда № 33 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

13.ул.Сейфуллина, 29.Капитальный ремонт кровли. 33 813 849тг.

Договор подряда № 32 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

14.Коргалжынское шоссе, 4. Кап.ремонт инженерных сетей. 31 224 813тг.

Договор подряда №35 от 13.05.2022.4 квартал 2022 года

15.Коргалжынское шоссе, 4/1. Кап.ремонт инженерных сетей. 33 275 147тг.

Договор подряда №36 от 13.05.2022. 4 квартал 2022 года

16.Коргалжынское шоссе, 4/2. Кап.ремонт инженерных сетей, фасада. 32 356 774тг.

Договор подряда №37 от 13.05.2022. 4 квартал 2022 года

17.ул.Куйши Дина, 22. Кап.ремонт инженерных сетей, электричества. 10 494 631тг.

Договор подряда № 24 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

18.пр. Абылай хана, 37. Кап.ремонт кровли. 15 916 888тг.

Договор подряда № 25 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

19.Пр.Абылай хана 11/4. Кап.ремонт кровли. 14 967 702тг.

Договор подряда № 30 от 06.05.2022. 4 квартал 2022 года

20.Пр.Абая 44 А. Инженерные сети. 6 025 387тг.

Договор подряда № № 61 от 16.09.2021. Принят в эксплуатацию

21.Пр.Абая 46 А. Инженерные сети. 2 263 181тг.

Договор подряда № 62 от 16.09.2021. Принят в эксплуатацию

22.Ул.Жубанова 29/1. Заливка отмоски. 8 215 277тг.

Договор подряда № 58 от 19.09.2021.Принят в эксплуатацию

23.Ул.Мусрепова 7/3. фасад. 16 751 856тг.

Договор подряда № 63 от 16.09.2021. Принят в эксплуатацию

Күрделі жөндеу 2023 жылға

  1. Капитальный ремонт жилого лома расположенного по адресу: г. Астана, ул. Рыскулбекова л 11/2
  2. Капитальный ремонт фасада, подвала, инженерных сетей, электроснабжения, входных групп расположенного по адресу: г. Астана, ул. Пушкина л.9
  3. Капитальный ремонт фасада, входных групп расположенного по адресу. г. Астана, ул. Кравцова д.2
  4. Капитальный ремонт фасада расположенного по адресу. г. Астана, ул. К.Байсеитова д. 103
  5. Капитальный ремонт фасада. подвала, подъездов расположенного по адресу: г. Астана, ул.Карталинская 8
  6. Капитальный ремонт фасада, внутренняя отделка п.5-6 расположенного по адресу: г. Астана, ул. К.Байсеитова д. 105
  7. Капитальный ремонт подъездов. кровля, вент.шахты жилого дома расположенного по адресу: г. Астана, ул. Петрова д.2
  8. капитальный ремонт фасада, электроснабжения, внутренняя отделка жилого дома расположенного по адресу: г. Астана, пр. Тауелсіздік д. 12/1
  9. Капитальный ремонт фасада. электроснабжения, внутренняя отделка жилого дома расположенного по адресу: г. Астана ул. Сейфуллина 26
  10. Капитальный ремонт фасада жилого дома расположенного по адресу. г. Астана, ул. Егемен Казакстан, 13
  11. Капитальный ремонт фасада, инженерных сетей, входных групп, подъезды жилого дома расположенного по адресу: г. Астана, пр. Абылай хана, 37
  12. Капитальный ремонт фасада, инженерных сетей жилого дома расположенного по адресу: г. Астана, пр. Абылай хана, 11/4
  13. Капитальный ремонт инженерных сетей жилого дома расположенного по адресу: г. Астана пр. Богенбай батыра,28
  14. Капитальный ремонт фасада. кровли. входных групп жилого дома расположенного по адресу: г. Астана. , пр. Ш. Кудайбердыулы, 29/1
  15. Капитальный ремонт фасада, кровли, подвала, подъезда жилого дома расположенного по адресу: г. Астана, ул. Петрова, 19/1
  16. Капитальный ремонт кровли, фасада, электрических и инженерных сетей. внутренняя отделка подъездов жилого дома расположенного по адресу. г. Астана, ул. Жирентаева, 9
  17. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, ул.Ташенова. 17/1. подъезд No1
  18. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, ул. Ташенова, 17/1, подъезд No2
  19. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, пр. Б. Момышулы, 19/1, 400 кг.
  20. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, пр. Б. Момышулы, 19/1, 630 кг.
  21. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, ул. Кенесары, 23
  22. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, пр. Абылай хана, 14
  23. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, пр. Абылай хана, 33. п1(груз)
  24. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, пр. Абылай хана, 33. п1 (пас)
  25. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, пр. Абылай хана, 33. п2 (груз)
  26. Замена лифта в жилом доме по адресу г. Астана, пр. Абылай хана, 33. п2 (пас)

Мердігерлердің тізімі мен лицензиялары

1. ТОО «Султан 2007» № 0002403

2. ТОО «Торг Строй НС» № 21011889

3. ТОО «СК Тан Астана» № 011069

4. ТОО «Гермес GROUP» № 0000104

5. ТОО «BI Project» № 14021461

6. ТОО «РААФ-инжинириг» № 1202983

7. ТОО «АсКор» № 0003186

8. ТОО «Строй Спец Сервис KZ» № 22006870

9.ТОО»Аманат курылыс Астана» № 0006324

10.ТОО «Эдем» № 14011799

11.ТОО «Болашак Курылыс 2004» № 015566

12. ТОО «LIFT STROY ASTANA» № 19009512

13. ТОО «Астаналифтсервис-НС» № 0002198

14.ТОО «Lift Master» № 13007094

15.ТОО «Астаналифтсервис-НС» № 0002198


Тұрғын үй көмегі

Тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі мамандандырылған уәкілетті ұйым «Өркен қала» ЖШС «Астана-ERC» ЖШС арқылы күрделі жөндеу жұмыстарына ақы төлеу үшін меншік иелеріне шот-фактуралар береді.

Тұрғындарға тұрғын үй көмегін алу үшін «Өркен қала» ЖШС-мен қайтару шартын жасасып, уәкілетті орган – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. 

Қала мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы No 104/15-VII шешімімен бекітілген «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына» сәйкес тұрғын үй көмегі нысанында көрсетіледі. Астана қаласында тұрақты тұратын және жеке тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалға алушылары болып табылатын азаматтарға коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеуге арналған ақшалай төлемдер түрінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Сіз «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тұрғын үй көмегіне жүгіне аласыз. 

Қосымша ақпарат алу үшін кеңсеге хабарласыңыз: Бейбітшілік көшесі 9, телефон нөмірі 55-01-74.

Қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеу және тіркеуден шығару қалай жүзеге асырылады


«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 32-1-тармағына сәйкес қауіпті техникалық құрылғылар: қысымы 0,07 мегаПаскальдан жоғары және (немесе) 115 градус Цельсийден жоғары суды жылыту температурасында жұмыс істейтін бу және ыстық су қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтеру механизмдері, эскалаторлар , мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер («Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ).

«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Заңның 77-бабына сәйкес «Қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеу және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес 24.04.2020 ж. 229 www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеуді, есептен шығаруды жүзеге асырады.